Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мектеп директоры 7,5 жылға сотталды

13 қазан 2021, 16:54

Шымкентте мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы жалған куәлік жасаумен айналысқан іске сот нүкте қойды.

 

Алаяқтық үшін білім басқармасының маманы мен №96 мектептің бұрынғы директоры сотталды.

 

Сөз байласып, олар бірнеше рет мұғалімдердің тесттен сүрінбей өткенін көрсететін сертификат пен куәліктерді қолдан жасап, саудаға салған.

 

Бұл іспен 2018 жылдан бастап айналысып келген.

 

Жалған анықтаманы 340 педагогтың алғаны да белгілі болды. Оларға біліктілігін арттырғаны үшін үстемақы төленген.

 

Ұстаздардың басым бөлігі сотқа дейін бюджеттен заңсыз алып келген  қаржыны қайтарып үлгерген. Бұл сома 210 миллион теңгені құрады.

 

Ал сотта мектеп директорының өз қызметкерлерін пара беруге итермелегені анықталып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Ал экс-шенеунік 4 жыл мерзімге сотталды.

 

Сәбит Төреханов, қалалық Әл-Фараби аудандық сотының судьясы:

 

– Сотта белгілі болғандай, сотталушылар  білім беру ұйымдарының мұғалімдерін 2018 жылдың мамыр айынан қараша айына дейінгі аралықта алдап, сенімге кіру арқылы  аттестаттар мен тестілеуден өткендігі туралы куәліктерді бірнеше рет жасап, саудаға салған. Осы арқылы жәбірленушілерден ақы алып келген.

 

 

 

24.kz