Жаңалықтар

Мектеп директоры ақша жымқырудың қитұрқы жолын тапқан

  • © Sputnik

    © Sputnik

Елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті №13 мектептің бұрынғы директорына қатысты қылмыстық істің мән-жайын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Тергеу материалдарына сәйкес, мектептің бұрынғы директоры Рақымбеков алдымен қоластындағы қызметкерге бір адамды тауып беруге өтініш жасаған. Оны құжат жүзінде жұмысқа тұрғызамыз, ал жалақы ретінде түскен ақшасын мектепке жұмсаймыз деген.

 

Осылайша, мұрағатшы қызметіне адам табылды. Бірақ ол өз жұмысын атқарған жоқ. Ал жалақысы директорға түсіп тұрған. Бес жылдың ішінде біраз ақша жиналды.

 

"Директор 2 673 000 теңгені мектеп үшін жұмсады. Қалған 400 000 теңгені өзіне алды", - деді департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева бүгінгі онлайн брифинге.

 

Мектептің бұрынғы директоры мұнымен тоқтаған жоқ. Биыл ақпан айында білім ордасының айналасын қар басып қалды. Рақымбеков жеке кәсіпкер "Сапа Транс" жетекшісі Сәпинді шақырып, келісім жасауға уағдаласқан. Бірақ негізгі бір шарты болды. Ол – атқарылған жұмыстың бағасын артығымен көрсету. Ал артық ақшасы директорға берілуі керек. 15 наурызда Сәпиннің жұмысшылары қарды толығымен шығарды. Директор болса, атқарылған жұмыс актісіне қол қойды.

 

"Келісімнің жалпы сомасы – 600 000 теңге. Жұмысты атқарып шыққаннан кейін жеке кәсіпкер Рақымбеков жұбайының есепшотына 440 000 теңге аударды", - деп атап көрсетті Жылқышиева.

 

Рақымбеков ақпараттық баннерлер мен стендтерді жасатқанда да дәл осы әдісті қолданған. Алдымен жеке кәсіпкер "Азия-Арт" басшысы Әбішевпен 905 000 теңгеге келісімшарт рәсімдеген. Ал барлық жұмыс жасалғаннан кейін мектеп директорына 183 000 теңге аударылды.

 

"Соттың шешімі бойынша Рақымбеков кінәлі деп танылып, ұрланған мүліктің он есе артық мөлшерін, яғни, 10 234 000 теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелді. Оған өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынды", - дейді Жылқышиева.

 

Бұдан бөлек, қалалық департамент "№12 бастауыш мектеп-балабақша" КММ директорының бірнеше рет ақша жымқырғанын анықтады. Осы екі қылмыстық іс бойынша білім басқармасына тиісті шара қолдануға қатысты ұсыныс енгізді. Соның нәтижесінде басқарма басшысының қаржы жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.


 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 23:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30