Жаңалықтар

Мектеп қызметкерлері оқушылардан ақша жинаған

  • https://baq.kz/news/

    https://baq.kz/news/

Ақмола облысында білім қызметкерлері оқушылардан заңсыз ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

 

Ағымдағы жылы 1424 Call-орталығына Ақмола облысының тұрғындарынан 20-дан астам қоңырау келіп түсті, олардың ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша өтініштерден басқа жалпы сипаттағы мәселелер де бар. Оның ішінде білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинауға қатысты мәселе.

 

Мәселен, Атбасар қаласының бірнеше мектебі оқушыларының ата-аналарының өтініштері бойынша аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Арнайы мониторингтік топ облыстық білім басқармасымен бірлесіп оқу орындарының қажеттіліктеріне ақшалай қаражат жинауға қатысты көшпелі қызметтік тергеу жүргізген. Анонимді сауалнама барысында оқушылардың 330-ға жуық ата-анасы қамтылған. Тексеру нәтижелері бойынша қала мектептері үшін түрлі қаражатқа заңсыз ақша жинау фактілері анықталған, - делінген хабарламада.

 

Осыған ұқсас фактілер Степногорск қаласының білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу барысында да анықталған.

 

Атқарылған жұмыс нәтижелері негізінде Атбасар ауданының және Степногорск қаласының білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

 

Сонымен қатар осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстың білім беру мекемелерінің басшылығымен түсіндіру кездесуі өткізілген.

 

 

 

BAQ.KZ

 

 

 




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 21:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30