Мектеп мұғаліміне тіл тигізгендер 91 890 теңге айыппұл төлейді

15 мамыр 2022, 11:00

«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес, енді жеке тұлғалар мұғалімге тіл тигізсе, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Ал, аталған жағдай екінші рет қайталанса 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

 

Оқушы ұстазына тіл тигізсе айыппұлды ата-анасы төлеуге міндеттеледі. 

 

Бұл туралы брифингте Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымова мәлімдеді.