Жаңалықтар

Мектеп оқушылары III тоқсанда қалай оқиды?

  • Мектеп оқушылары III тоқсанда қалай оқиды?

    Мектеп оқушылары III тоқсанда қалай оқиды?

Ертең, 12 қаңтардан бастап елордада 9, 11 және 12 сынып оқушылары мектепке барып оқиды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

11 қаңтар күні оқу жылының үшінші тоқсаны басталды. Бұған дейін мектеп бітіретін оқушылар 11 қаңтардан мектепке барып оқитыны айтылған еді. Алайда бүгін сайлау учаскелері орналасқан білім ошақтарында дезинфекция жасалуына байланысты, балалар қашықтан білім алады.

Ал ертең, 12 қаңтардан бастап оффлайн режимде оқыту басталады.

Әкімдіктің ақпаратынша, үшінші тоқсанда 1-5 сынып оқушылары "кезекші" сыныптарда оқуды жалғастырады.

Ал мектеп бітіретін 9, 11, 12-сыныптар кезекші сыныптар қағидаты бойынша аралас форматта (15 адамнан артық емес) оқиды.

Оффлайн сабақтар кестесіне инвариантты компонент пәндері кіреді: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы. Бұл оқу пәндерінің 70%-ін құрайды.

Қалған 30%-і &mdash информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негіздері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады.

Мектептер ыңғайлы кесте әзірлейді, сабақ арасында әр сыныпқа әртүрлі уақытта 5 минут үзіліс беріледі. Әлеуметтік қашықтық үшін ауысымдар көбейеді. Бір сабақтың уақыты 30 минуттан аспайды.

Айта кетсек, үшінші тоқсанда Нұр-Сұлтанда 70 мыңға жуық оқушы мектепке барады.

sn.kz




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 16:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30