Жаңалықтар

«Мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмады» - Сенат депутаты

  • «Мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмады» - Сенат депутаты

    «Мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмады» - Сенат депутаты

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы қашықтан оқыған оқушылардың білім сапасы туралы айтты, деп хабарлады nege.kz.

Мұрат Бақтиярұлы барлық ауыл мен аудандағы мектеп оқушыларын дәстүрлі форматқа көшіру қажеттігін мәлімдеді.

Сенаттың жалпы отырысында депутат әлемдік пандемияның білім саласына да, сапасына да кері әсерін тигізіп жатқанын жеткізді. Алайда Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттерде көп жағдайда дәстүрлі білім беру форматын сақтап келеді.

"Мысалы, Байқоңыр қаласында Ресей құзыретіне қарайтын жеті мектептің барлық сынып оқушылары толыққанды дәстүрлі түрде оқып жатса, қазақстандық мектептердің оқушылары қашықтықтан оқып жатыр. Мұны қалай түсінуге болады?", &ndash деді сенатор.

Оның ойынша, мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмады. Әсіресе, ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін толық қалпына келтіру қиынға соғады. Бұның бәрі білім сапасын бірнеше жылға кейінге шегеріп тастайды.

"Сондықтан да еліміздегі барлық ауылдар мен аудандардағы мектептерде оқушыларды дәстүрлі оқытуға шығаруымыз керек", &ndash деді Бақтиярұлы.

Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту форматына көшеді.

nege.kz.




Көрілген: 1039    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 17:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30