Жаңалықтар

"Мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылады": БҒМ ақпаратқа түсініктеме берді

  • "Мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылады": БҒМ ақпаратқа түсініктеме берді

Білім және ғылым министрлігінде коронавирусқа байланысты мектептерде сабақ болмайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әлеуметтік желілерде таратылған сабақты тоқтату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оқу сабақтарының кестесін өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда ақпарат ведомствоның ресми ресурстарында жарияланып, БАҚ арқылы ресми түрде жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі "Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығы мен демалыс кезеңдерін анықтау туралы" бұйрығына сәйкес оқушылар 2020 жылдың 21 наурызынан 2 сәуіріне дейін демалады.

"Оқу кестесінде өзгерістер жоқ. Біз тек жаппай іс-шаралар өткізуді барынша азайтуды ұсынамыз. Бұл, бірінші кезекте, балалардың игілігі үшін жасалады және ата-аналар түсіністікпен қарайды. Бұл тек алдын алу шаралары ғана", – деді білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова.

Сонымен қатар, коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қажетті шараларды қабылдау мақсатында академиялық мобильділік шеңберінде қазақстандық студенттер мен оқытушылар уақытша шетелге шықпайды. 




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

сенбі, 07.03.2020, 21:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30