Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына вакцина салына ма – Министр жауабы

  • http://kabar.kg/

    http://kabar.kg/

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Мектеп оқушыларына вакцина салына ма?» деген сұраққа жауап берді.

 

«Отандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеуден, бірінші және екінші фазадан өтіп, клиникалық зерттеудің шешуші үшінші фазасына келді. Біз бәрін хаттамаға, халықаралық стандартқа және талаптарға сәйкес жасап жатырмыз. Барлық принциптер мен барлық нормаларды сақтауымыз керек. Бұл өте маңызды, өйткені әңгіме халықтың қауіпсіздігі жайында болып отыр, сондықтан біз әрбір рәсім бойынша барлық талаптарды сақтаймыз. Наурыз айының ортасында бұл вакцинаны шығарып, азаматтарды вакциналай бастауды жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл жерде вакцинаны дайындауға қатысты ғылыми мәселелер Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жататынын, ал вакциналаудың одан әрі мәселелері министрлік құзыретіне кірмейтінін еске салғым келеді», - деп жауап берді Білім министрі тілші сұрағына.

 

Министрдің айтуынша, мектеп оқушыларын екпе салдыруға ешкім мәжбүрлемейді.

 

«Ешкімді мәжбүрлемейді, мәжбүрлеп те жатқан жоқ. Мектептердегі медициналық бөлімді бірнеше жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретіне бергенбіз. Бұл мәселе бойынша да біздің әріптестерімізге жүгіне аласыз. Бірақ, мәжбүрлеу туралы тақырып болған емес», - деді А. Аймағамбетов.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 224    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 20:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30