Жаңалықтар

Мектеп оқушыларының өздері қай пәндерді қажетсіз деп санайды – зерттеу

  • otyrar.kz

    otyrar.kz

«ВКонтакте» командасы мектеп оқушыларының арасында, дәлірегі, 14-18 жас аралығындағы ресейлік 8000 жасөспірімге сауалнама жүргізген екен: қай пәндерді пайдасыз деп есептейді және жазғы каникул кезінде де қандай пәндерді оқуға дайын тұратынын, дәлірегі, демалыс кезінде де қай пәндерге уақыт бөлуге дайын екенін сұрап білді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Оқушылардың пікірінше, ең қажетсіз пән – ән-күй. Респонденттердің 40%-ы осындай пікірде.

 

Екінші орында дін тарихы тұр - 32%, ал үшінші орында – сурет (31%).

 

Оқушылардың шамамен үштен бірі ғана барлық пәннің болашақта пайдасы тиетінін жеткізген.

 

Ал жаз мезгілінде де оқуға уақыт бөлетін пәндердің арасында шет тілі алдыңғы орынға шыққан – респонденттердің жартысы шет тілін үйрену үшін уақыт таңдамайтынын жеткізген;

 

екінші орында – математика (49%).

 

Мұндай сауалнама жүргізілген аталған әлеуметтік желіде Varvara Vetrovkina есімді пайдаланушы мынадай пікір қалыдрған екен:

 

«Әдебиетке қыруар уақыт бөлінсе де түкке жарамайды, медицина институтына түсу үшін емтихан тапсырғанда шығарманы беске жаздым, әлбетте, бұл өтіп кетуіме, яғни, ұпай жинауыма әсерін тигізді. Алайда, одан кейінгі өмірімде әдебиет пәні сурет пен ән-күй секілді маған еш қажеті болмады».

 

 




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

жұма, 25.06.2021, 13:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30