Жаңалықтар

Мектеп түлегі "Алтын белгі" медалін 2 млн теңгеге сатқалы жатыр

  • Мектеп түлегі

    Мектеп түлегі "Алтын белгі" медалін 2 млн теңгеге сатқалы жатыр

Хабарландыру берген адам медаль эксклюзив болғандықтан, оны қымбатқа сатып жатқанын айтты. Онлайн хабарландыру платформаларының бірінде мектеп түлегі "Алтын белгі" медалін 2 000 000 теңгеге сатқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы өңірлік "Наша газета" басылымы хабарлайды.

Хабарландыру сайтта жарияланды, онда Қостанай қаласы белгіленген.

"2 миллионға сатамын, жаңа. Білесіз бе, бұл эксклюзив медаль, қазір мұндайлар көп емес! Егер сатып алсаңыз, 1,5 миллионға беремін", - деп жауап берді хабарландыру авторы телефон арқылы әңгімелесу кезінде.

Оның айтуынша, ол мектепті биыл бітірген. Медаль иесі өзін таныстырудан бас тартты. Естелік затты не себепті сатқалы жатқанын да түсіндірмеді.
Мектеп түлегі "Алтын белгі" медалін саудаға шығарды
Еске салсақ, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 738 түлек "Алтын белгі"  иегері атанды. Өткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда бұл рекорд.

Биыл Қазақстанда жаңашылдық енгізілді: енді "Алтын белгіге" үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектеп емес, білім басқармасы жанындағы комиссия қарайды. Оқу озаттарының тізімі осы комиссия шығарған шешімнен кейін бекітіледі.




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 15:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31