Жаңалықтар

Мектепке баратын оқушыларға маска мен қолғап кию міндетті ме

  • © Sputnik / Александр Кондратюк

    © Sputnik / Александр Кондратюк

Жаңа оқу жылында мектепке барып оқитын балалар сабақта маска тағып отырады, ал қолғап кию міндетті емес. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Балаларға қолғап кию міндетті емес. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал сабақ кезінде балалар маска тағуы тиіс. Статистика бойынша олар вирусты сирек жұқтырса да, ауру тасып, өзінен үлкен адамдарға жұқтыруы мүмкін", – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

 

Ол республика бюджетінде балаларды маскамен қамтамасыз етуге ақша қаралмағанын айтты. Бірақ, бұл ұсынысты денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына жеткізуге уәде етті.

 

Коронавирусқа байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды.


 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.08.2020, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31