Жаңалықтар

Мектептегі ақша жинау оқиғасына департамент түсінік берді

  • © bouw.ru

    © bouw.ru

Алматы мектебінде жалюзиге ақша жиналғаны туралы мұғалімнің жанайқайына қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


№143 мектеп лицейіндегі ақша жинау дерегі бойынша қазір департаменттің арнайы мониторинг тобы жұмыс істеуде.


«Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаны арнайы бақылау тобы тексеруде. Топ мүшелері құқықбұзушылық дерегі болғанын растайды. Біз мектепке барып түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Білім басқармасымен де сөйлесіп жатырмыз. Бірақ, Ләззат Мұсанова бізге әлі арыз жазған жоқ», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.


Айта кету керек, №143 мектеп-лицейінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Ләззат Мұсанованың Facebook-тегі жазбасы әлеуметтік желіде шу туғызды. Педагог кабинетке жалюзи алу үшін балалар мен мұғалімдер ақша жинап бергенін айтып дабыл қақты. Кейін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.


 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 20:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30