Жаңалықтар

Мектептер қандай жағдайда карантинге жабылады

  • © Sputnik / Алексей Мальгавко

    © Sputnik / Алексей Мальгавко

Оқушылар арасында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан жағдайда оқу орындары карантинге жабылады. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

 

Жаңа оқу жылының басынан бастап Қазақстанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болады. Алайда бастауыш сыныптар мен шалғай ауылдардағы оқушылар мектепке бара алады.

 

Егер оқушылар мен мұғалімдер арасында коронавируспен ауыратын науқастар анықталса, мектептер қайтадан карантинге жабылуы мүмкін.

 

"Мектептерде барлық санитарлық талаптар сақталады, балалардың жағдайы қадағаланады. Егер баланың дене қызуы болып немесе ауырып тұратын болса, ЖРВИ белгілері байқалса, онда мұндай балалар мектепте келуден босатылады. Біз ауру көрсеткішін және науқастардың медициналық ұйымдарға жүгінуін қадағалап отырмыз. Сырқаттанушылық өсуі кезінде бұл оқу ұйымдары карантинге жабылады", - деді денсаулық сақтау вице-министрі.

 

Ажар Ғиният мектептерді карантинге жабу туралы шешімді санитар дәрігерлердің қабылдайтынын айтты.

 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан 9 963 адамның емделіп жатқанын, оның ішінде 49 бала бар екенін айтты. Жағдайлардың 80%-інде балаларда коронавирус жеңіл өтеді. Алайда мультижүйелік қабыну синдромы немесе Кавасакиге ұқсас синдром түрінде кездесетін асқынулар да бар. Қазір республикада 16 балаға осындай диагноз қойылды.

 

Бастауыш сынып оқушылары үшін мектептерде кезекші сыныптар ашылады. Ол жерде оқушылар саны 15 адамнан аспайды. Сабақ "бір сынып - бір мұғалім" қағидаты бойынша жүргізіледі. Оқушылар медициналық маска тағып, арақашықтықты сақтайды.

 

sputniknews.kz


 




Көрілген: 209    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 21:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31