Жаңалықтар

Мектептерде «Әліппенің» бес нұсқасы сынақтан өтіп жатыр

  • https://www.gov.kz/

    https://www.gov.kz/

Қазір қолданыста жүрген «Сауат ашу» оқулығы 2016 жылы оқу процесіне енгізілген. Білім саласындағы бұл реформа уақыт өте келе сәтсіздігін көрсетті.

 

«Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандарының айтуынша, «Сауат ашудағы» күрделі мәтіндер мен түсініксіз суреттер әлі әріп танымайтын баланың ұғымына ауыр. Оқулық балаларға емес, ата-аналарға арналып жазылған дейді көпшілік.

 

Мәкен Бақанова, зейнеткер ұстаз:

 

- Ауылдың балалары үшін мысалы Сауат ашу көп қиындық тудыра қоймас, өйткені олар ана тілінде сөйлейді. Ал мына үлкен қаладағы балалар үшін ортасы бөлек Сауат ашу олар үшін үлкен қиындық тудырады.

 

Нұржұма Ботайұлы, ата &ndash ана:

 

- Әліппенің оралғанын қалаймын. Әліппе бірден бір қол үзбейтін, зерттеліп жүйеге қойылып қойған біздің бірден бір сауат ашу құралымыз. Баламыз әліппемен әріп таныса жаман болмайды.

 

Көпшілік күткен оқулықтың басты ерекшелігі &ndash ол ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне негізделеді. Бірақ ондағы мазмұн, тапсырмалар жинағы заманауи кейіпкерлермен, қазіргі баланың танымына лайықты тілмен беріледі екен.

 

Жаңа оқулықта оқушылардың зейінін ашу, әріптерді үйрену, дыбыстарды меңгеру кезеңі қамтылған.

 

Қазір 5 баспаның ұсынған «Әліппе» оқулығы сынақтан өтуде. Олқылықтар да жоқ емес.

 

Әділхан Дүйсебек, ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми - практикалық орталығы директорының орынбасары:

 

- Өкінішке орай, деп айтуға болатын шығар «Әліппені» әзірлеу деңгейі талапқа сай емес. Мынадай ескертулер жасадық. Біріншіден, Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесін әлі де түсінбеген авторлар бар. Яғни оның 4 ұстанымы бар. Сол 4 ұстанымы бар, мысалы, бір-екеуін айтатын болсақ, ол оңайдан қиынға қарай, жеңілден күрделіге қарай әдістемесі. Соңғы кездегі біздің оқулықтарда бірден өте күрделі тапсырмалар беріліп кетіп, тапсырмалардың саны өте көп болатын болса баланың жас ерекшелігіне ол сәйкес келмейді де, ауырпашылық тудырады.

 

Жаңа оқулықта әріптерді үйретудің реттілігі өзгереді. Мысалы, А әрпінен кейін Р әрпі өткізіледі. «Балаға ең бірінші АР деген сөзді үйретейік»,- деп мұны Байтұрсынұлының өзі ұсынған.

 

Төл оқулыққа  қойылған басты талап ұлттық құндылықтарға басымдық беру. «Әліппенің» бірнеше нұсқасының сынақ-сараптамаға ұсынылуы да тегін емес. Бәсеке мен таңдау бар жерде сапа ақсамайды.

 

Әділхан Дүйсебек, ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми - практикалық орталығы диекторының орынбасары:

 

- Сараптама сынақ құпия режимде өткізіліп отыр. Ол не үшін керек? Бұрын мысалы пилоттық мектептерге баспалар барып, авторлар барып семинар өткізіп, үгіт насихат жүргізетін. Ол әділдікке алып келмейді. Сондықтан бағалау өте объективті болу үшін, апробатор мұғалімдер ешкімнен тәуелсіз болу үшін ешкімнің әсері болмау үшін біз пилоттық мектептерді де атамаймыз. Олар құпия режимде жұмыс істеп жатыр.

 

Сынақ кезеңінде талапқа сай емес оқулықтар қайта өңдеуге жіберілген. Түзетіліп, толықтырылған оқулық пәндік сараптамалық комиссияға жіберіледі. Кәсіби комиссия соңғы нүктесін қойған соң, «Әліппе» оқулығы күзде, жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының қолына тиеді.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 09:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30