Жаңалықтар

Мектептерде ЛГБТ құқықтары туралы сабақтар жүріп жатқаны рас па: БҒМ не дейді

  • https://stopfake.kz/

    https://stopfake.kz/

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орыс тілі сабағында оқушыларға ЛГБТ-қоғамдастық өкілдерінің құқықтары туралы айтылатыны және бір жынысты адамдар тәрбиелеп отырған балаларды мысалға келтіретіні туралы хабарлама таратуда. Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

Өскеменде мектептердің бірінде осындай сабақтар өткен екен. Бұл туралы Желіде өзін 8-сынып оқушыларының бірінің анасымын деп таныстырған әйел жазған.

 

ҚР БҒМ хабарлауынша, аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, хабарламаға ешқандай негізі жоқ екені анықталды.

 

– 8-сынып оқушысы ата-анасының әлеуметтік желілердегі орыс тілі сабақтарын өткізу туралы хабарламасы бойынша ШҚО білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Оқу материалының мазмұны оқытылатын «Отбасы: құқықтары мен міндеттері» бөліміне сәйкес іріктелді. Орыс тілінен осы сабақтың мазмұнына ЛГБТ қауымдастықтары өкілдерінің құқықтары кірмейді. Ата-ана ұсынған ақпарат шындыққа жанаспайды, – делінген ведомство жауабында.

 

Қазақстандық ата-аналар мектеп бағдарламасында жоқ өзгерістерді бұған дейін де талқылаған. Біз оқушыларға сабақта бір жынысты махаббат пен жезөкшелік туралы, сондай-ақ Қазақстан «вакцинация, цифрландыру және жыныстық ағарту сынақтарына арналған полигон» болып табылатыны туралы фейктерді жоққа шығарған болатынбыз.

 

 

 




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 17:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31