Мемлекет басшысы білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсынды

01 маусым 2022, 19:56

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Оның бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатын болады. Жалпы, мен атап көрсеткен шешімдер қазақстандық ғылымды кешенді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогресіндегі үлесіне бағытталған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру мүмкіндіктеріне де тоқталды.

 

"Бұған қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай деңгейде көтеруге мүмкіндік беретін Ұлттық дәйексөз алу жүйесін құруымыз қажет деп есептеймін. Бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін нығайтуды талап етеді", - деді Президент.