Мемлекет басшысының жолдауы талқыланды

Мемлекет басшысының жолдауы талқыланды

2021 жылы қыркүйектің 11 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Президент Қ. Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауындағы негізгі қағидаларын талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының отырысы онлайн өтті.  

                                  

         Кафедра ұжымы Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын жылы қабылдап, ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болып,  халықтың өмір сүру сапасын арттырып, əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдауы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген ұстаз мәртебесінің артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді мәселелер қызу талқыланды.

 

         Кафедраның аға оқытушысы Р.И. Дүйсенбаева бұл жолдауда өткенді саралай отырып, болашаққа баянды істермен қадам басу керек екендігі нақты көрсетілгенін атап өтіп, ел дамуына ерекше серпін беретін бұл бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқтала отырып, Жолдауда айтылған негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының үкімет пен мемлекеттік органдардың алдына қойған тапсырмалары туралы хабарлап кеңінен түсіндірді.

 

         Биылғы Жолдауды насихаттау бағытында аға оқытушы А.К. Ахмедова баяндама жасады. Ол биылғы Жолдаудың ерекшелігіне тоқтала отырып, Жолдаудың негізгі бағыттары елдің даму стратегиясына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруға бағытталғанын, сонымен қатар, білім беруге, ұстаздардың жалақысының өсуіне жете мән беруі жөнінде атай отырып, осы жолдаудағы міндеттерді орындау ҚР-ның экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізетінін жеткізді.

 

         Жиын барысында сөз сөйлеушілер Жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ, оның қарапайым халық үшін тиімді жақтарына тоқтала отырып, Президент Жолдауында айтылып кеткен міндеттер мен мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктеу екенін де сөзге тиек етті.

 

Шара соңында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны жайлы өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Президент Жолдауын насихаттап, білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететінін, Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатынын жеткізді.

 

 

 

Саденова А.Е.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
ЖОО дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста