Жаңалықтар

Мемлекеттік грантта оқып, 2 млн теңге айыппұл арқалады

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Мемлекеттік гранттың ақыры айыппұл арқалаумен аяқталды. 2016 жылы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетін бітірген Ботагөз Ақыпбек есімді келіншек арнамызға хабарласып көмек сұрады. Сөзінше, диплом алған соң мемлекеттік балабақшада еңбек етуі керек болған. Алайда отбасылық жағдайына байланысты бұл міндетін атқара алмапты. Бірақ «артымнан 2 миллионнан астам айыппұл келеді деп ойламадым» дейді ол. Жағдайдың мән-жайын Almaty.tv тілшісі Назкен Еркін біліп көрді.

 

Ботагөз Амангелдіқызы жұбайымен қазір екі баланы тәрбиелеп отыр. Тұңғышы мүгедек ретінде тіркелген. Баласының денсаулығымен әлі күнге алысып келеді. Жығылғанға жұдырық болғандай, сот оған мемлекеттік грантта оқып, кейіннен мемлекеттік мекемеде жұмыс істемегені үшін 1 миллион 900 мың теңгедей айыппұл салған. Бірақ мұны Ботагөз 2019 жылы екінші баласын босанғанда ғана біліпті.

 

«Денсаулығына байланысты мүлдем жұмысқа шыға алмайтын болдым. Себебі баламның басында гематома болып бір емес, екі операция жасалды екі айлығында. Екінші баламды дүниеге алып келгенде бір-ақ білдім грантта оқығаным үшін артымнан штраф келгенін.  Екі рет сот отырыс болып кеткен. Жаңағы айыппұл шығатындай. Мені, мысалы, сотқа шақырған жоқ. Маған ешкім звондаған жоқ», – деді Ботагөз Ақыпбек.

 

Оқуды 2016 жылы бітірген ол сол жылы тұрмысқа шығып, жүкті болған. «Балалы болатыным туралы университетке анықтама бердім» дейді. Алайда университет өкілдері ондай құжат болмағанын айтады. 

 

«Құжаттардың барлық скан түрін кез келген студент бізге кері байланыс жасайтын болса, біз тауып бере аламыз. Бірақ 2016 жылдары ол кезде Қаржы орталығына бізге келген құжаттардың барлығы көшірме түрінде келген. Астанаға көшірме түрінде жіберіліп отырған. Ол қыздың бізге анықтама әкелгені туралы ешқандай мәлімет жоқ», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мансап орталығының басшысы Әсел Алшынова.

 

Ботагөздің сөзінше, қазір өтеуі керек болған негізгі сома 2 миллион 250 мың теңгеге дейін өсіп кетіпті. Сот оның жеке шоттарын бұғаттаған, яғни картаға түскен қаржы автоматты түрде алынып отырады екен. Отбасының бар тапқан табысы несие жабудан, пәтер жалдап, баласының дәрі-дәрмегінен артылмайтын көрінеді.

 

«Мен тым құрмағанда шешілгенін қалаймын. Мен жан-жаққа баламды емдетуге әрі-бері алып барғанға 2,5  миллион болмаса да, тым құрмағанда 1 млн бөліп төлесем болады. Ал 2,5 миллионды мен төлеймін деп айта алмаймын», – деді Ботагөз Ақыпбек.

 

«Үй кезегінде бармыз біз. Бірақ ақша салуға банктен шот аштым. Бірақ оған қазір ақша салуға қорқып отырмыз. Өйткені екеуміз заңды некеде болғандықтан, мен бастапқы керек ақшаны жинағанда Қаржы орталығы шешіп алуы мүмкін деді. Сондықтан ақша жинап пәтер ала алмай отырмыз», – деді Б. Ақыпбектің жұбайы Мұратжан Битөреев.

 

Ал Білім және Ғылым министрілігіне қарайтын Қаржы орталығының өкілдері грантта оқыған кез келген жас маман ешқандай жағдайға қарамастан бюджет қаржысын еңбек ету арқылы қайтаруы тиіс дейді. Олай болмаған жағдайда айыппұл төлеуі керек.

 

«Біздің тараптан, әрине, көмек болмайды. Себебі заңда көзделген. 3 жыл міндетін орындамаса, бюджеттен шыққан шығыстар толық өтелуі міндетті. Бір мүмкіндігі бар, яғни бөліп төлеуге және соттың шешімін орындауды кейінге қалдыруға. Оны тек қана сотқа арызбен жүгінуге жас маманның құқығы бар», – деді ҚР БҒМ Қаржы орталығының өкілі Нұркен Әлімбеков.

 

Жалпы мұндай жағдайлар жиі кездеседі дейді мамандар. Мәселен, 2012 жылдан бері елімізде мемлекеттік грантта 80 мыңнан астам адам білім алса, соның 30 мыңға жуығы грантты еңбек ету арқылы өтеп жатыр. Ал жұмыс істемеген 8 мыңнан астам адамға қатысты талап ету жұмыстары қарастырылған.

 

 

 

 




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 23:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31