Жаңалықтар

Мен жаңашыл ұстазбын

  • Мен  жаңашыл ұстазбын

    Мен жаңашыл ұстазбын

Еспенбетова Нургуль Султановна,
Жамбыл облысы Тараз қаласы
№45 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасының  тәрбиешісі

«Ұстаздар &ndash құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты»
Әл-Фараби

 Заман. Қоғам. Уақыт. Тұлға. Жиырма бірінші ғасырда осы төрт ұғымды біріктіруші ұлы күш иесі-мұғалім. Сынаптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу мұғалім басты міндеті.
          «Оқушының жетістігі &ndash мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануда». «Ұстаздық ұлы іс»-деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, лайық болу- үлкен абырой, басты борышым деп ойлаймын. Мұғалім болу мен үшін мақтан, әрі бақыт. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да, амал тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа 21-ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Педагогтың шеберлігі-ол дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:  «жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,-дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті. Сондықтан да мен жаңашылдықты әрдайым қолдаймын! Өзімді  әрбір сәтте новаторлыққа тәрбиелеудемін.
Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез-келген  мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде , жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің  «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса- оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс»-деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.




Көрілген: 995    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 18:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30