Жаңалықтар

Мен қашықтықтан оқытамын

  • Мен қашықтықтан оқытамын

    Мен қашықтықтан оқытамын

Әлемді жайлаған кесапаттың салдарынан,бүкіл адамзат қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы ғана өзін, отбасын,мемлекетін сақтай алатыны шындық. Қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде қашықтықтан оқыту математика пәні бойынша да жүзеге асырылуда.
Осы бір жарым айдан аса уақытта колледж мұгалімдері, білімалушылар қашықтықтан білім алуға дағдыланып, қалыптасып қалғандай.
Ең бірінші мәселе қашықтықтан оқыту теxнологиясы дегеніміз не, оның мақсат-міндеттерімен танысудан бастауға тура келді.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқытушылар мен білім алушылар арасында білім деңгейін көтеру.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді.
Міне, осындай талаптарды сақтай отырып, біз біріңғай кәсіптік-теxникалық білім беруде «Параграф Bilim» платформасымен, қашықтықтан оқыту форматын таңдадық.Әдеттегі сабақ кестесі бойынша әр сабаққа тиянақты дайындалуға, яғни тақырыпқа сай презентациялар, бейне сабақтар, электронды оқулықтарды пайдаланып, білім алушыларға неғұрлым түсінікті тілде жеткізуге тырысудамын. Күнделікті берілген тапсырманы білім алушылар Bilim сайтынан алып, танысып түсінбеген сұрақтары бойынша xабарласып, кері байланыс орнатып, қателіктерін түзеп, порталға жіберіп,электронды журналға күнделікті бағаланып отырады.
Қашықтықтан оқыту аса үлкен ізденімпаздықты, шеберлікті, шығармашылықты, компьютерлік сауаттылықты талап ететіні белгілі болды.
Осы орайда туындаған мәселелер, жаңалықтар болып жатса колледждің әкімшілік тарапынан, әріптестермен вебинар-конференциялар ұйымдастырылып, өзара байланыстар жиі өтіп турады.
Әр қиындықтың артында жақсылығы болады. Қандай жағдай болмасын білімді ұрпақ тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Аxметкалиева Мира Тұрсынқызы
Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі


 




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 14:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30