Жаңалықтар

"Мен қорқатын үш нәрсе бар": Аятжан Ахметжанұлы жекеменшік мектептерден келетін қауіпті атады

  • https://bilimdinews.kz/

    https://bilimdinews.kz/

Білім беру ісіндегі түйткілді мәселелерді көтеріп жүрген қоғам белсендісі, ғалым Аятжан Ахметжанұлы KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында жекеменшік мектептердің көптеп ашылуына қатысты ойын жеткізді.

 

Білікті педагог елімізде жекеменшік мектептердің ашылуына қарсы емес екенін айтады.

 

Аятжан Ахметжанұлының сөзінше, жекенің иелігіндегі мектептердің көбеюі білім беру саласында бәсеке туғызады. Алайда ғалым алдағы уақытта жекеменшік мектептерден келетін қауіптің де барын жасырмады.

 

Аятжан Ахметжанұлы алдағы онжылдықта жекеменшік мектептер диплом сатқан университеттердің кейпін киюі мүмкін деген ойын жеткізді.

 

"Жүйелілік болуы керек. Мен қорқатын үш нәрсе бар. Біріншіден, жекеменшік мектептер білім басқармасына немесе білім сапасын бақылайтын ведомстволарға тікелей бағынбайды. Тек лицензиялық тұрғыда болмаса, тиісті сала басшылығы алдында жауапкершілігі жоқ деп айтуға болады. Яғни, ол жердегі білім сапасы қаншалықты шынайы қадағаланып жатыр деген мәселе маңызды.

Екінші себеп - жекеменшік мектептер еліміздегі мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай жоймақ? Мысалы астанада 200 бала оқытатын мектеп ашу қаншалықты пайда әкеледі? Жекеменшік мектептердің аудан орталықтарынан ашылуы қаншалықты тиімді? Ол жақта мектеп тапшылығы жоқ. Бұл мемлекеттің ақшасын далаға шашу емес пе? Себебі жекеменшік мектептер мемлекеттен тапсырыс алып жұмыс жасайды. Жекеменшік мектептегі ақша жекенің ақшасы емес, мемлекеттің ақшасы. Сондықтан бұл мәселеге нақтырақ, тереңірек үңілген дұрыс.

Үшінші алаңдайтын мәселе - жекеменшік мектептердің ішкі ахуалын ешкім қадағаламайтындықтан қоғамға қауіпті мәселелер туындауы мүмкін. Мысалы діни ахуал. Осындай нәрселер қаншалықты шешіліп жатыр? Ондай мектептің ішінде не боп жатқанын ешкім тексере алмайды. Себебі жекеменшік мектеп кәсіпкерлік болып саналады. Еліміздегі заң бойынша, мемлекет шағын кәсіпке тексеріс жүргізуге мораторий жариялаған. Бұл мәселені де тереңірек зерттеу керек", - дейді Аятжан Ахметжанұлы.

 

 

 




Көрілген: 966    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 18:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31