Жаңалықтар

"Менің көмекшім емес". Аймағамбетов ұсталған БҒМ қызметкері жайлы

  • Сурет: primeminister.kz

    Сурет: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 11 миллион теңге жымқырған күдікті оның көмекшісі емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бірден айтайын, бұл қызметкер менің көмекшім емес. Мүмкін, ол штаттық кесте бойынша біздің министрлікте көмекші болған шығар. Бұл солай болса, осындай деректерді болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз. Өзіміз де министрлік құрылымы мен штатын қарастыра бастаған едік. Мен тағайындалғаннан бері бірде-бір кадрлық конкурстық комиссия өтпегенін атап өткім келеді, яғни жұмысқа әлі ешкім қабылданбады", - деді Аймағамбетов.


Еске салсақ, ҚР білім және ғылым министрінің көмекшісі бюджет қаражатынан ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған.


Ол студенттерге арналған жазғы білім беру стартап мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 миллион теңгеден астам қаражатты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жолмен жымқырды деген күдік бар.


 




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

сенбі, 29.06.2019, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31