Менің педагогикалық ұстанымым

Менің педагогикалық ұстанымым

Бала дүние есігін ашқан сәттен бастап ана сүтінен нәр алып, ата-ана тәрбиесінде болса, келесі өмірлік тәлім-тәрбие мен білімді ұстаздан алады. Әрбір адам жеке тұлға. Жеке тұлға болып қалыптасу үшін оның білім алуына, тәрбиесіне, материалдық жағынан толық қамтылуына ата-ана тәрбиесінің беретін маңызы зор. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, әр баланың отбасында алған тәрбиесі оның тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді. Екіншісі, ол – ұстаз. Ұстаз – ұлы тұлға, екінші ана.  Барлық мамандық иесінің дүние есігін ашатын кілті – ұстаз деуге болады.

Біріншіден, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, осы мамандықта қызмет етіп жүрген әр педагоктың бойында шыдамдылық қасиеті басым, себебі педагог мамандығының өзі білім берумен қоса сабырлық пен шыдымдылықты ең басты талап ететін мамандық. Менің ойымша, кез келген адам педагог бола бермейді.

Екіншіден, ХХІ ғасыр білім беру жүйесі мен қатар жаңа технологияның дамыған ғасыры. Менің ойымша, ХХІ ғасыр ұстазы жан жақты дамыған, дәстүрлі білім берумен қатар заманауи, жаңа технологияны меңгерген. ХХ ғасыр ұстазы мен ХХІ ғасыр ұстазын салыстырсақ, жер мен көктей айырмашылық бар. Бұрынғы кезде тек бор мен тақтаны қолданса, қазіргі кезде интерактивті қолдану дамыған. Осындай заманауи білім беруге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Мысалы, ауыл, қала мектептері мен білім беру мекемелері, жоғары оқу орындары толыққанды техникалық жабдықтармен қамтамассыз етілген.

Мен бұл салада 4 жыл көлемінде қызмет етіп келемін. Менің педагогикалық ұстанымым – сапалы білім беру мен қатар саналы тәрбие беру. Әр шәкіртімнің жеке тұлға болып қалыптасып, өмірде өз орнын табуына бағыт беремін. Ең бірінші мен оларға «Көшбасшы» деген сөздің мағынасын түсіндіре келе, олардың бойында осы көшбасшылық қасиеттің дамуына аса назар аударамын. Көшбасшының бойында білім, тиянақтылық, адамгершілік, ізденімпаздық, жаңашылдық, сабырлық, даналық қасиеттер болады. Біздің ағартушыларымыз, мықты саясаткерлеріміз, ел басқарып отырған президентіміз оларға мысал бола алады. Әрбір мықты адамның бойында көшбасшылық қасиет мықты дамыған. Мысалы, тұңғыш елбасымыз Н. Назарбаевтың істеген ізгі істері осы сөзіме дәлел. Ұлы ақын А. Құнанбаевтың да бойында даналық пен парасаттылық, көшбасшылық қасиет басым болған. Міне, осындай тарихи, саяси, мәдени тұлғаларды үлгі еткенде, әр шәкірт осындай болуға шабыттанады.

Қорыта айтқанда, менің педагогикалық ұстанымымның ең басты мақсаты – әр шәкірт бойындағы көшбасшылық қасиетті дамыту және сапалы білім мен саналы тәрбие беру. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, осы жоғарыда айтылған қасиеттерді бойына сіңірген кез келген шәкірт өмірде мықты тұлға болып қалыптасатынына кәміл сенімдімін.

 

 Арнайы пән оқытушысы : Қайыпбаева Лаура Мухамедқызы

ҚМКМ «Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі»

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста