Жаңалықтар

Мерекелер біріктіруші және тәрбиелік функцияларды орындайды

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Қазіргі заманғы мәдениеттің маңызды элементі мерекелер болып табылады. Мерекелер біріктіруші және тәрбиелік функцияларды орындайды.

 

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мерекелері» атты шетелдік студенттерге арналған ашық тәрбиелік іс-шарасы онлайн түрде өтті. Шараға кафедра оқытушылары мен дүние жүзінен білім алып жатқан шетелдік студенттер қатысты.

 

 

 

 Жиында сөз алған кафедра оқытушысы Т.В. Курманова Қазақстан Республикасының мерекелері ҚР Президентінің 1998 жылы 20 қантардағы №3827 Жарлығы мен оған 2003 жылы 15 карашада енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды түрде белгіленген ұлттық, мерекелік және кәсіби мерекелер жүйесі туралы, Ұлттық мерекелер &mdash Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленетіні жайында сөз етті.

 

 Шараны оқытушылар М.А. Азнабакиева, А.С. Айтпаевалар дайындаған шетелдік студенттердің үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.

 

Одан кейін кафедраның оқытушылары сөз алып, біздің елде ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтілетінін айта отырып, әр мерекелер тобының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Ұлттық мерекелер &ndash Қазақстандық мемлекеттілікті дамытуға маңызды ықпал ететін ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуге Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады. Мемлекеттік мерекелер &ndash қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін. Кәсіби және өзге де мерекелер &ndash ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер туралы айтып, баяндамаларымен таныстырды.

 

Студенттер Қазақстан Республикасының мерекелері жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс-шараға белсенді қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.  

 

«Қазақстан Республикасының мерекелері» атты ашық тәрбиелік іс-шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

 

 

Саденова А.Е., Айтпаева А.С.
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31