Жаңалықтар

Министр Аймағамбетов білім саласында тағы бір өзгеріс болатынын айтты

  • Министр Аймағамбетов білім саласында тағы бір өзгеріс болатынын айтты

    Министр Аймағамбетов білім саласында тағы бір өзгеріс болатынын айтты

Кітапханашыларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу жөнінде бастама көтерілді, деп атап өтті  Асхат АймағамбетовАЛМАТЫ, 17 қараша &ndash Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кітапханашылардың мәртебесін арттыру, еңбекақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, кітапханашылар педагогикалық кадрлар санатына енуі мүмкін.

"Кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатырмыз. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастама көтердік", - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Сонымен қатар Аймағамбетов кітапхана ісіне қатысты да пікір білдірді. Айтуынша, кітапхана заманға сай жабдықталып, бала үшін ыңғайлы әрі қызықты болуы керек. Оқушы онда кітап оқумен қатар нетворкинг немесе шығармашылық даму дағдыларын игеруі қажет.

"Бүгінгі таңда көптеген мектеп кітапханаларының жұмыс форматы ешқандай сын көтермейді", - деді министр.

Сондай-ақ, жастардың ақпаратты цифрлық технологиялар арқылы пайдаланатынын ескеріп, алдағы уақытта кітапханаларды цифрландыру жоспары бар екенін жеткізді.

"Көркем әдебиеттің электронды нұсқаларын интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді ету қажет. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бар. Олардың авторларымен бірігіп жұмыс істемекпіз. Сондай-ақ, біз геймификация элементтерін қолдануды жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов.
Айтуынша, бұл міндеттерді шешу тек мектептердің ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың да уақытын және күш-жігерін талап етеді. Сондықтан бұл жұмысты олар қолдайды деп үміттенемін, деп толықтырды ол.

Бүгінде білім және ғылым саласына қарасты 7 096 кітапхана жұмыс істейді. Мектептерде &ndash 6 461, колледждерде &ndash 579, жоғары оқу орындарында &ndash 56, сондай-ақ республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана бар. Білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры &ndash 267 325 289.

Сондай-ақ, көркем әдебиеттің балалар үшін қолжетімді болуы үшін министрлік арнайы жоба әзірлеген. Жоба аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалардың материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жақсарту, балаларға арналған көркем әдебиетті жыл сайын сатып алу бойынша шаралар қабылданады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында ауылдық жердегі кітапхана қорының ескіргенін, көркем әдебиеттің тапшы екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, ауылдарда қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер аз немесе мүлде жоқ. Оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді.

Сондықтан кітапханалардың жұмысына жаңаша көзқараспен қарау қажет екенін айтты.

Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 968    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 19:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31