Жаңалықтар

Министр жаңа оқу жылынан бастап балабақшаларда не өзгеретінін айтты

  • © Photo : ДВД ВКО

    © Photo : ДВД ВКО

Жаңа оқу жылынан бастап балабақшалар білім берудің жаңа моделіне көшеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл үшін "Ойын арқылы оқыту" қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі және бағдарламалар жаңарады", – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

 

Сондай-ақ, ваучерлік қаржыландыру тетігі де енгізіледі. Министрдің сөзінше, бұл балабақшалардың бәсекелестігін арттырып, білім сапасына оң өзгеріс әкеледі.

 

Аймағамбетовтің ақпаратынша, бүгінде республикада 3 пен 6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 98,8 процентке дейін жетті. Десе де, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 71%-ті ғана құрап отыр.

 

"Сондықтан біз енді ерте жастағы, яғни 2 мен 6 жастағы балаларды қамту міндетін басты назарға қойып отырмыз. Осы жастағы балалар үшін ең көп кезек бүгінде Алматы, Түркістан, Маңғыстау облысы мен Алматы, Шымкент қаласында. Мақсат – 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95%-ке, ал 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100%-ке жеткізу", – деді ол.

 

Бұл үшін жекеменшік балабақшалар желісін одан әрі дамытып, ваучерлік қаржыландыру, сонымен қатар әлеуметтік тәрбиеші институты енгізілмек.

 

Осы орайда министр әкімдіктерден мемлекеттік тапсырыс мөлшерін нормативке сай төлеу мәселесін шешуді сұрады. Әйтпесе жаңа орындар ашу мүмкін болмайды, деді ол.

 

 

 




Көрілген: 896    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.03.2021, 13:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31