Жаңалықтар

Министр мектептегі 13,5 мың маманның жалақысы қашан көтерілетінін айтты

  • http://53.alschool.kz/

    http://53.alschool.kz/

Сенат депутаттары мектеп кітапханаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Бүгін сенаттың жалпы отырысында сенатор Динар Нөкетаева мектептегі кітапханашылардың жалақысын арттыру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бүгінде мәдениет саласына қарайтын, яғни, жалпы халыққа қызмет көрсететін кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 30-50 проценті көтерілді. Бірақ мектептегі кітапханашылардың еңбекақысы сол күйінде қалды. Ал жас ұрпақты тәрбиелеу мен ұлттық құндылықтарды сақтау тұрғысында осы мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы орайда депутат білім және ғылым министрінен білім ұйымдарындағы кітапханашылардың жалақысы басқа кітапханашылармен қашан теңесетінін сұрады.

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде мектеп кітапханаларында 13,5 мың адам жұмыс істейді. Олардың барлығы білім қызметкерлері болып саналады. Сол себепті мәдениет саласындағы кітапханашылардың жалақысын арттыру шараларына ілікпей қалды.

 

"Білім саласында қызмет ететін 13,5 мың кітапханашының жалақысы мәдениет саласындағы әріптестерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ал жұмыс мазмұны бірдей және өзіңіз білесіздер, әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде жалғыз кітапхана ғана жұмыс істейді, ол оқушыларды ғана емес, барлық тұрғынды кітаппен қамтамасыз етеді", - дейді Аймағамбетов.

 

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған білім және ғылым министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ, қаржы министрлігінің мамандары кіреді.

 

"Олар жұмысты бастап кетті. Біз тиісті есепті дайындадық. Болашақта көп күттірмей, осы мәселе шешіледі деп үміттенеміз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

 

Ал сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев күзде бюджетті қарау кезінде мектептегі кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесін енгізуді ұсынды.

 

"Әлихан Асханұлы (қаржы министрі), ондай өзекті мәселе бар. Президенттің тапсырмасына сәйкес, ұстаздардың жалақысы өте жақсы өсті. Мәдениет саласындағы кітапханашылардың жалақысы да өсіп жатыр. Бірақ мектепте істейтін кітапхана қызметкерлері еңбекақысының өспеуі, әрине, біраз сұрақтарды тудырып жатқаны жасырын емес. Сондықтан күзде алдағы үш жылдың бюджетін қараған кезде соған дейін осы соманы пысықтап, қарап, соны бәріміз бірге бюджетке кіргізу жағын қарастыруымыз қажет", - деді Әшімбаев.

 

 

 




Көрілген: 1252    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.05.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31