Жаңалықтар

Министр: Мұғалім мамандығы сұранысқа ие болмай тұр

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Бүгінде ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр, деп хабарлайды kaz.zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Осы ретте талапкерлер тарапынан даярлаудың педагогикалық бағыттары сирек таңдалып жатады.

 

"Еліміз бойынша мұғалімдер тапшылығы 5000 адамды құрайды. Бүгінгі таңда 145 мың студент педагог мамандықтары бойынша оқып жатыр. Жыл сайын педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарын 40 мың түлек тәмамдағанмен, педагог тапшылығы мәселесі сақталып отыр. Неге? Біріншіден, түлектер мектепке жұмыс істеуге барғылары келмейді, екіншіден - ынталандыру төмен", - деді Асхат Аймағамбетов "Қазақстан" ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

 

Ведомство басшысының айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы ҚР БҒМ-мен бірқатар нақты шаралар қабылданды. Мәселен, 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 60 балға дейін өсті (бұрын 50 балдан кем емес болатын).

 

Ендігі кезекте 2020 жылы шекті балды 70 балға дейін арттыру жоспарлануда. 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31