Жаңалықтар

Министр мұғалімдер жұмысқа қалай қабылданатынын айтты

  • https://massaget.kz/

    https://massaget.kz/

Мектеп директорлары мұғалімдерді жұмыска қабылдай алады. Алайда мен мына мұғалімді қабылдаймын немесе қабылдамаймын деп өзі жеке шешім шығара алмайды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп жазады qamshy.kz тілшісі.

 

– Енді мектеп директоры келген резюмені қабылдап, конкурстық комиссия жасақтайды. Оған мектептегі әріптестері, тиісті бақылаушы органдар және кәсіподақ кіреді. Ал конкурска қатысатын үміткер құжаттарын тапсырғанда әр құжатына 10 баллдан қосып отырады. Мысалы қызыл дипломына, республикалық немесе халықаралық олимпиада жүлдегерлерін дайындаған сертификатына 10 баллдан қосып, өзінің балын біліп отырады. Сол жиналған балл бойынша, комиссия шешім қабылдайды. Кімде көп балл шықса, сол жұмысқа қабылданады, –  деді министр.

 

Аймағамбетов бұл жемқорлық, туыстық арқылы жұмысқа орналасу тәуекелдерімен күресуге мүмкіндік береді деген пікірде. Аталған тәуекелдер Оңтүстік аймақтарда жиі кездесіп, арыздар көптеп түсетінін айтқан ол ашық қағидасы арқылы конкурстан өткен ұстаздар ғана жұмысқа қабылданатынын жеткізді.

 

 

 

 




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 17:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31