Жаңалықтар

Министр түлектердің ҰБТ-дағы заңсыз әрекетіне қатысты пікір білдірді

  • Фото ашық дереккөзден

    Фото ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-дағы заңсыз әрекетіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды qamshy.kz.

 

Бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға кіру барысында 4 түлектің (оның ішінде 1 "Алтын белгі" иегері бар) орнына студенттер кіруге тырысқанын, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

 

– Ең бастысы заң бұзушылық болған жоқ. Біз жүргізген реформаның арқасында жалған құжатпен кіремін деген талапкерлер ҰБТ тапсыра алмады. Дереу аты-жөнін тиісті органдарға бердік. Егер тестілеуге кірерде тексерістің бір ғана сатысы болса, құжатты көрсетіп, әрі қарай өтіп кететін еді. Құжатты көрсеткеннен кейін, Face ID-ға барады. Үшінші кезеңге барғанда барлығы анықталады, – деді министр журналист Нартай Аралбайұлының ютуб каналына берген сұхбатында.

 

Ол сондай-ақ биыл заңсыз әрекетке барушылар көптеп анықталғанын айтты.

 

– Жүргізілген өзгерістердің нәтижесінде биыл тестке өзі емес, басқа адамды жіберген факті бірнеше есе көп анықталып отыр. Бұл – дұрыс шешім. Заң бұзушылық болған жоқ, біз қабылдаған, енгізген шешімнің арқасында заң бұзушылыққа жол берілмей отыр, – деді ол.

 

 

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 17:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31