Жаңалықтар

Министрлік жаңа оқу жылының қалай басталатынын түсіндірді

  • Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

    Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрлігі мектепке баратын оқушылардың сабақтарын ұйымдастыру туралы ақпаратты таратты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды", – деді министрлік.

 

Сонымен қатар, оқушылар мен ұстаздардың температурасы күнде өлшеніп тұратыны белгілі болды. Дене қызуы нормадан жоғары болған жағдайда және ауру белгілері анықталса, педагогтер жұмысқа шықпайды, ал оқушылар үйлеріне қайтарылады.

 

"Егер ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері ниет білдіріп, өтініш жазса, ал мектеп санитарлық нормаларды қатаң сақтауға дайын болса, бастауыш сынып оқушылары мектеп қабырғасында оқи алады. Мектептерде жоғары сынып оқушыларының кабинеттері бос болғандықтан, бұл кабинеттерді де бастауыш сыныптарды оқытуды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады", – делінген хабарламада.

 

Ата-аналардың өтінішін сынып жетекшілері қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-форматта қабылдайды. Мектеп формасына қатысты талаптар өзгермеді. Бірақ биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жібере алады. Ал үйден оқитын балаларға мектептің компьютерлік техникасы уақытша пайдалануға беріледі.

 

"Әрбір өңір, білім беру ұйымы қашықтан оқытуды ұйымдастыратын интернет-платформаны өзі таңдайды. Қашықтан оқыту форматы аясында мұғалімдер мен оқушылар платформа арқылы стриминг жүйесін қолданатын болады", – дейді министрлік мамандары.

 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті Ақордада қабылдағанын жазған болатынбыз. Оның алдында Асхат Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында елімізде осы жылы бірінші қыркүйек шарасы қалай өтетінін де түсіндіріп өтті.


 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.08.2020, 21:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31