Мұғалім 2-сынып оқушыларына қол жұмсаған (видео)

18 қаңтар 2022, 15:35

Бастауыш сынып оқушыларын ұрған ер мұғалімнің қылығы желіқолданушылардың наразылығын тудырды. Бейнежазбаны жүктеген ата-аналар құзырлы органдардын бұл оқиғаға назар аударуды сұрайды.

 

Instagram желісінде жария болған бұл бейнежазба көптеген кісінің ашу-ызасын тудырып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Алматы қаласындағы "Бәйтерек" мектебі. Мүғалімге 2 сынып оқушыларының жаттығу жасағаны ұнамаған. Ол ер балаларды тақтаға шығарып, жазалап жатыр. Психологиялық қысымға ұшыраған оқушылардың ертеңі не болады? — дейді жазба авторы.

 

 

Ата-аналар "Бәйтерек" мектебінің оқушыларды жазалаған мұғалімін жауапқа тартуға қол жинап жатыр.