Жаңалықтар

Мұғалім құқын таптаған мектеп басшылары жазасыз қалмайды

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Келе жатқан жаңа жылда білім саласының мамандары үшін жағымды жаңалық көп. Осылай деп сүйіншілеген еліміздің бас ұстазы алдымен мұғалімдер айлығының 25 пайызға көбейетінін айтады.

 

Айлығы көтерілетін білім қызметкерлерінің қатары мектеп мұғалімдерімен бітпейді. Сондай-ақ, колледж оқытушылары мен балабақша тәрбиешілерінің де жалақысы 25 пайызға жоғарылайтын болды.

 

Еске салайық, бұған дейін тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы ұстаздар айлығын 4 жыл ішінде кемінде 2 есе көтеруді тапсырған еді. Және студенттер шәкіртақысын өсіруді шегелеп айтқан. Осыдан кейін педагогика мамандығында оқитын студенттер стипендиясы 21 мың теңгеден 42 мыңға жетті. Ал, доктаранттар шәкіртақысы 82 мың теңгеден 150 мың теңгеге өсті.

 

Бұдан бөлек, Президент биыл сапасыз оқу ордаларының санын қысқартуды тапсырған еді. Мемлекет басшысының пәрмені бойынша 2020 жылы 5 университет жабылыпты. Және 130 коллдеж лецензиясынан айырылған. Қала берді 36 жоғары оқу орнына мемлекеттік грант берілмеді дейді Білім министрі Асхат Аймағамбетов.

 

Білім саласындағы жаңалықтар мұнымен бітпейді. Асхат Аймағамбетов бұған дейін енді оқушылардың әріпті әліппемен танитынын айтқан еді. Және мектеп бағдарламасынан алынып тасталған ана тілін әкелеміз деп сөз берген болатын. Ақыры Ахмет Байтұрсынов ұсынған бағдарлама келесі жылдан бастап жүзеге асырылатын болды. Бірақ, шәкірттер әзірге сауатын латын қаріпімен емес, кирилл әріпімен аша бермек.

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 2402    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.12.2020, 21:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30