Жаңалықтар

Мұғалім-оқушы-ата-ана. Осы үштік біріккенде қашықтан оқыту нәтижелі болады

  • Мұғалім-оқушы-ата-ана. Осы үштік біріккенде қашықтан оқыту нәтижелі болады

    Мұғалім-оқушы-ата-ана. Осы үштік біріккенде қашықтан оқыту нәтижелі болады

 Еліміздің барлық мектебі қашықтан оқыту әдісіне көшті. Оқушылар ІV тоқсанды қалай оқитындары туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтып берді.
ІV тоқсанды биылғы оқу жылында барлық мектеп қашықтан оқу әдісімен бастайды. Бүгінгі күні дайындық жұмыстары жүргізілуде. Кеше еліміздің барлық мектебінде қашықтан оқытудың сынама сабақтары өткізілді.
Күнделік электрондық журналының жүйесінде 6000 аса мектеп тіркелген болса, кеше 2 млн 300 оқушы жүйеге тіркеліп, 270-тен аса мұғаліммен алғашқы сынама сабақтарын өткізді. Нәтижесінде 70 пайыздан астам мұғалім мен оқушының осы жүйеде жұмыс істей алғандықтарын көрсетті. Әрине, бұл – қиын. Бұл елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан білім берудің жаңа түрі. Сондықтан мұғалімдердің де жұмысы көбейді. Оқушылар мен ата-аналар да өз үлестерін қосулары керек. Осы үштік беріккен жағдайда қашықтан оқыту нәтижелі болады, – деді вице-министр.

Сабақ өткізудің бірнеше форматын білім және ғылым министрлігі ұсынып отыр.

Интернет жүйесінің жеткіліксіз болуы. Осының нәтижесінде онлайн режимде сабақ беруден гөрі, қашықтан білім беруді мұғалімдерге ұсынып отырмыз. Қашықтан білім беру – онлайн сабақ емес. Қашықтан оқытудың шеңбері кең. Сондықтан мұғалімдер ұсынылған форматтың ішінен өз мектебіне қолайлылығына, оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілуіне, интернет жүйесіне байланысты өзіне тиісті форматты таңдаулары қажет. Осы бойынша кеше сынама сабақтан кейін, мектептер өз шешімдерін қабылдауда. Сондай-ақ, осындай маңызды сұрақтар бойынша бүгін ата-аналар жиналысы өтті. Әр ата-анаға баласының қандай тәртіппен, қандай кестемен сабақ оқитыны түсіндірілді, – деп атап өтті ол онлайн брифинг барысында.

Министрлік ұсынған сабақ өтудің форматтары:

1– телесабақтар. "Балапан" мен "Еларна" арналарында таңы 9-дан 1 және 11-сынып оқушылары үшін жүргізіледі. Қазақ және орыс тілдерінде. Осы сабақтарды көріп боған соң, мұғалімдер оқушыларымен түсіндірілген жаңа тақырыптар бойынша кері байланыс орнатады. Кері байланыста электрондық журнал болған жағдайда оқушыларға комментарий, ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын беру арқылы қандай сабақтарды қайталап көруге болатындығы, қандай қосымша ресурстар пайдалануға болатындығы, оқу жұмыстарын оқушылардың өздігімен оқуы туралы кеңес береді.

Электрондық журнал болмаған жағдайда мұғалімдер өздерінің уақытша журналында оқушылардың оқу үлгерімдерін белгілеп отырулары қажет.

2 – аудиосабақтар. Сабақтар Казақрадиосы мен Радиоклассик радио каналдарында да қолжетімді болады. Бұл жағдайда да мұғалім сыныбындағы оқушылармен байланысып, тапсырмаларды беріп, оның орындалуын әр оқушымен жеке жүргізіп отырады.

3 – Интернет платформасы. Мұны онлайн деп түсінбеу керек. Қазақстандық "Bilim Media Group", "Күнделік", "Мектеп онлайн" және "Дарын" интернет платформалары мұғалімдер мен оқушыларға тегін қызметтерін ұсынып отыр. Мұнда әр пән бойынша бірнеше мыңнан аса видео сабақ орналастырылған. Осы ресурстарды пайдаланып, әр мұғалім оқушыларға тиісті тақырып бойынша сілтемелер, тапсырмалар беріп, оқушылармен кері байланыс жасайды. Сондай-ақ сабақтың сапалы, сәтті өткенін өзі үшін қорытындылап отырады.

4 – Пошта арқылы байланыс. Біздің елімізде кейбір елді-мекендерде мүлде мектеп жоқ жерлер де бар. Бұл жердегі оқушылар көлікпен тасымалданып оқып жүрген оқушылар. Осы тасымалда болған оқушылар үшін "Қазпоштамен" бірігіп, оқу материалдарын әр оқушыға, оқушыдан мұғалімге жеткізу үшін келісім жасалды. Бұл форматты мұғалімдер мен оқушылар өздері үшін пайдалануларына болады.

BAQ.KZ




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2020, 20:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30