Жаңалықтар

Мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тартқан басшылар айыппұл арқалайды - заң жобасы

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда алдағы уақытта мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартқан лауазымды адамдар жазалануы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева Астанада «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау жиынында тілшілерге айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Педагогтар мәртебесі туралы» ұсынылып отырған заң жобасында мұғалімге тіл тигізіп, оның кәсіби жұмысына араласқысы келген лауазымды адамдардың жауапкершілігі көзделген. Осы заң арқылы ондай санаттағы адамдарға алдымен ескерту беріп, кейін әкімшілік жауапкершілікпен айыппұл салу көзделген. Мәселен, мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тартатын болса, ол лауазымды адам алдымен ескерту алып, кейін 10 АЕК көлемінде, яғни 25 250 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайтын болады», - дейді Айгүл Мұқашева.


Ол сонымен бірге, мұғалімдердің қызметінен тыс жұмыстарға не жататынын түсіндіріп берді.


«Ол жұмыстардың санатына - сенбілік жатады. Өзіңіз білетіндей, біздің жұмыс берушілер әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастыруды жақсы көреді. Ол жұмыстардың санатына үй аралауды да жатқызуға болады», - дейді ол.


Айгүл Мұқашева қаланы учаскеге бөліп тастап, мұғалімдерді аралату жұмысы барын жасырмады.


«Мұғалімнің негізгі міндеті - баланы тәрбиелеу және оқыту. Басқа ешқандай жұмыспен мұғалім басын ауыртпауы керек. Міндетінен тыс жұмысқа мұғалімді мектеп директорымен бірге жергілікті атқарушы органдардың да қызметкерлері тартқысы келеді. Бұйрық қайдан келіп жатыр? Мектеп директорының тек бұйрықты орындайтыны белгілі. Сол себепті, бұл мәселеге кең ауқымда қарау керек», - дейді Айгүл Мұқашева.


 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.02.2019, 20:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31