Жаңалықтар

Мұғалімдер жалақысын көтеру тәртібі түсіндірілді

  • https://infovoronezh.ru/

    https://infovoronezh.ru/

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші топтарға сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы қалай көтерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Министрдің айтуынша, бұған дейін бастауыш сыныптардың мұғалімдері жүктеменің аз болуына шағымданатын. Себебі типтік жоспар бойынша 1-сыныптарда 24 сағаттық жүктеме болса да, ағылшын тілі, дене шынықтыру сияқты сабақтарды басқа мұғалімдер өткізеді. Сонда бастауыш сынып мұғалімдерінің жүктемесі 15-16 сағатқа дейін азайып, "бір ставкаға" да жетпейтін. Биыл кезекші сыныптарда бір топта тек 15 оқушы ғана білім алады. Ондайда мұғалім жүктемесі артады, жалақысы да өседі.

 

"Мәселен, бұрын бір сыныпта 30 оқушы болса, кезекші сыныптарда 15 бала болады. Сонда бір сыныпты екі топқа бөлуге тура келеді. Демек, мұғалімнің жүктемесі артады. Бірақ қосымша жұмыс үшін қосымша ақы төленеді. Жеке жүктемесі 28 сағатқа жетсе, сол уақыттың еңбекақысын алатын болады", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Министрдің айтуынша, бір мұғалім сабақты оффлайн және онлайн форматта бере алады. Ол жағынан ешқандай шектеу жоқ. Ал қосымша жүктеме үшін берілетін ақша үстемеақыға жатпайды. Бұл – тариф бойынша төленетін жалақы.

 

"Иә, бұл - әдеттегі тарификация, кәдімгідей жалақы. Оны білім беру ұйымының басшысы шешпейді. Барлығы нормативтік актілерде жазылған. Біз оны жіті бақылайтын боламыз. Мәселен, 18 сағат – бұл бір ставка. Егер мұғалімнің жүктемесі 25 сағат болса, онда тарификиция соған қарай жасалады да, жалақының көлемі өседі. Оны "үстемақы" деп атауға келмейді. Бұл – заң бойынша төленетін жалақы", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

 




Көрілген: 1458    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.08.2020, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31