Жаңалықтар

Мұғалімдер жалған құжат жасатып, үстемақы алып отырған

  • https://www.b-g.by/

    https://www.b-g.by/

Шымкенттік ұстаздар біліктілігін арттыру үшін жалған аттестация жасатып, сертификатты сатып алды деген күдікке ілінді.

 

Өңірдегі 348 мұғалім 2018-2019 жылдары жеңіл жолды таңдап, өз санатын жоғарылатқан. Мемлекеттен төленетін үстемақыны да алып отырған.

 

Өзге ұстаздар әріптестерінің бұл ісін құқық қорғау органдарына жеткізді. Кейін қаржы полициясының мамандары тестілеуден өткендердің тізімін жасақтап, Республикалық тест орталығына жүгінген.

 

Қаладағы жалпы 64 мектептің көптеген қызметкері тестке келмегені белгілі болды. Кейбірі сынақтан сүрінген.

 

Олар жалған мөр басылған құжат сатып алған.

 

Мұғалімдердің 80%-ы екі жылдың ішінде алған үстемақыларын бюджетке қайтарып үлгеріпті. Енді қайтадан тест тапсырады.

 

Ал сертификатты сатып, жеңіл жолды кәсіп еткен пысықайдың ісі сотта қаралып жатыр.

 

Жанат Тәжиева, қалалық Білім басқармасының басшысы:

 

– Мұғалімдердің жалған аттестациясына қатысты қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, алаяқтық үшін сот процесі жүріп жатыр.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.07.2021, 19:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30