Жаңалықтар

Мұғалімдер сынақтан өту үшін 1,5 млн теңге төлеген

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық тестілеу орталығының Қызылорда облысындағы филиалының маманы мектеп оқытушыларын пара беруге үгіттеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың Ұлттық тестілеу орталығы филиалының маманын әшкереледі.

 

Атап өтілгендей, ол Қызылорда қаласындағы орта мектеп мұғалімдерін Ұлттық тестілеу орталығының лауазымды қызметтегі тұлғаларына тестілеуден оң нәтиже алу үшін жалпы сомасы 1 миллион 400 мың теңге пара беруге үгіттеген.

 

Күдікті өз кінәсін мойындағанына байланысты оған қатысты процесуалдық құрықтау қолданылған жоқ.

 

Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу күдігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

 

Параның мөлшері – екі миллион теңге. Болжам бойынша, бұл ақша үшін подполковник қылмыстық істі жабуы тиіс болған.

 

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тергеу басталғанын айтты.

 




Көрілген: 866    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2020, 17:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30