Жаңалықтар

Мұғалімдер үшін 33 олимпиада мен конкурс алғаш рет енгізілді - БҒМ

  • https://bilimdinews.kz/

    https://bilimdinews.kz/

Биылдан бастап педагогтарға арналған 33 олимпиада мен конкурс алғаш рет енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің олимпиадалар тізбесін бекіту бойынша тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл өз кезегінде сапалық өзгерістерге қатысты. Осы жылға дейінгі олимпиадалардың тізбесінде 56 олимпиадалық іс-шара қарастырылған болса, бекітілген тізімде 175 іс-шараға дейін кеңейтілді.

 

«Сонымен қатар, тізбеге биылдан бастап педагогтарға арналған 33 олимпиада мен конкурс алғаш рет енгізілді. Олардың нәтижелері педагогтарды біліктілік беруге аттестаттау кезінде ескерілетін болады. Ашықтық, Академиялық адалдық, қатысушылар үшін тең жағдай жасау және әділ нәтижелер - жарыстарды өткізуді автоматтандыру есебінен қамтамасыз етіледі», - деді Ш. Каринова.

 

Оның айтуынша, егер осы іс-шараларды ұйымдастырушылардың Академиялық адалдық, заңдылық, ашықтық, объективтілік, тегін өткізу қағидаттарын бұзу фактілері анықталса, онда олимпиада немесе конкурс тізбеден алынып тасталатын болады.

 

Дәл осындай қағидаттар мен критерийлер жаңа іс-шаралар тізбесіне енгізу үшін де ескерілетін болады.

 

Осылайша, министрлік елімізде өткізілетін конкурстар мен олимпиадалардың сапасы мен тиімділігін арттыруға ниетті.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын олимпиадалар оқушылар үшін ақысыз негізде болады. Сонымен қатар қазіргі кезде қазіргі кезде қазақстандық білім беру нарығында жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар да осы қызметтерді ақылы ұсынып келеді.

 

«Бірақ Білім және ғылым министрлігінің бұл ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтемін. Сондықтан балалар мен мұғалімдер, мектептер әртүрлі олимпиадалар мен конкурстарға оқушылардың қатысуын таңдаған кезде мұқият болуына кеңес береміз», - деді Шолпан Каринова.

 

 




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 17:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31