Жаңалықтар

Мұғалімдер үйде отырып жұмыс істейді - министр

  • https://ya-krasotka.com/

    https://ya-krasotka.com/

Коронавирусқа байланысты мектеп мұғалімдері каникул кезінде үйде жұмыс істей алады. Оларға жалақылары толық төленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының қызметін 16 наурыздан бастап тоқтаттық. Бұған оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, музыка, көркемсурет, өнер мектептері және тағы да басқа білім беру ұйымдары жатады. Балалар бұл ұйымдарға бүгін барған жоқ. Елімізде дамыту орталықтары сияқты жеке меншік ұйымдар бар. Ол жеке меншік болғандықтан біздің құзыреттілігімізде емес дегенмен ата-аналарға дамыту орталықтарына балаларды апармай, сәл күте тұруға кеңес береміз», - дейді Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

 

Ол оқушылар қанша уақыт демалатыны туралы айтты.

 

«16 наурыздан 5 сәуірге дейін оқушылар көктемгі демалыста болады. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Осындай уақытта мұғалімдер мектепте болып, сабаққа дайындық жұмыстарын, әдістемелік жұмыстарын жүргізетін. Қазіргі жағдайға байланысты біз тиісті шешім қабылдап, оны барлық директорларға жібердік. Шешімге сәйкес, мектеп мұғалімдері дайындық жұмыстарын үйлерінде отырып жүргізулеріне болады және жалақылары толық төленеді», - дейді ол.


 




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 21:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30