Жаңалықтар

Мұғалімдерді басқа жұмыстарға жеккені үшін 200-ден астам іс қозғалған

  • Көрнекі фото.  http://29.ai.kz/

    Көрнекі фото. http://29.ai.kz/

ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мұғалімдер мәртебесінің қалай қорғалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Елімізде мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін тиісті заң бар. Алайда заңға бағынбай, ұстаздарды артық жұмысқа жегу тоқтар емес. Министр бірнеше күн бұрын мұғалімдерге көше сыпыртқандар туралы жазды. Енді мұғалімдер тікелей өз міндетімен ғана қашан айналысады? Неліктен білім басқармалары тиісті тапсырманы орындамай отыр?», - деген сұрақ қойылды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Өз жауабында вице-министр «Педагог мәртебесі туралы» заңның 2019 жылы қабылданғанын еске салды.

 

«Бұл бағытта Білім министрлігі жұмыс атқарып келе жатыр. Жергілікті жерлердегі білім мен ғылым сапасын қамтамасыз ету департаменттері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін мұғалімдерді әдеттен тыс жұмысқа тарту фактілері бойынша 200-ден астам әкімшілік іс қозғалып, заңбұзушылыққа жол бергендер тиісті жауапқа тартылды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады», - деді Ш. Қаринова.

 

 

 

 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 18:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31