Жаңалықтар

Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін: Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірі оқу ақысын көтеріп жіберген

  • Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін: Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірі оқу ақысын көтеріп жіберген

    Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін: Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірі оқу ақысын көтеріп жіберген

Қостанай университетінде осыған дейін оқу ақысы екі рет өскен. Студенттер жаңа оқу ақысына наразылық білдіріп, кейбірі тіпті оқудан бас тартуға дайын. Мұндай жағдай еліміздің көптеген оқу орындарында орын алуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Арнаға сұхбат берген Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенті өзінің аты-жөнін айтқысы келмеген. Есімін жасырған жас жігіт университет басшылығынан қауіптенеді. Алайда оқу ақысының көтерілгені туралы хабарды естіген ол үндемей отыра алмаған. Себебі, оның бір жылға төлеген ақшасы екі жылдың оқу ақысына жетер еді.

 
Студенттің айтуынша оқу ақысы алғашқы жылы 150 мың теңге болған. 

"Оқуға түскен жылдың басында маған келер жылдан бастап оқу ақысы 200 мың теңге болатынын ескертті. Ал қазір оқу ақысының мөлшерін 420 мың теңгеге көтеріп жіберген", - дейді ол.

Аталған оқу ордасы бұл мәселеге қатысты түсінік берді.  

"2021 жылы пандемия жағдайында университет оқу ақысын күр өсіруден бас тартты. Осы себепті, біздің университеттің оқытушыларының жалақысы мемлекеттік университеттердегі әріптестеріне ғана емес, сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне қарағанда айтарлықтай төмендеді. Оқу үдерісін тиісті білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін біздің университет жалақыны көтеруге мәжбүр" - деп жазды университет басшылығы Instagram парақшасында.




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 11:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31