Мұғалімдердің жалақысын өсіруге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

04 сәуір 2018, 08:48

Ұстаздардың жалақысын өсіруге бюджеттен алдағы үш жылға 62 миллиард теңге бөлінгелі жатыр деп хабарлайды КТК.
Сөйтіп, мұғалімдердің еңбек ақысына қосымша 30 немесе 50 пайыз үстемақы төленеді. Бірақ, жоғары жалақы алу үшін ұстаздар алдымен жаппай аттестатциядан өтіп, біліктілігін дәлелдеуі тиіс.

Ол Ұлттық біріңғай тестілеу форматында жүргізілмек. 100 сұраққа педогогтар мүдірмей жауап беруі тиіс. Сонда ғана айлықтары өседі. Оның үстіне бұл мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға қажет.

Өйткені, Қазақстанда 285 мың ұстаз болса, соның жартысы ғана жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер екен.