Жаңалықтар

Мұғалімдерге жаңа мемлекеттік награда табысталды - видео

  • Мұғалімдерге жаңа мемлекеттік награда табысталды - видео

    Мұғалімдерге жаңа мемлекеттік награда табысталды - видео

Қазақстанда алғаш рет педагогтерге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы табысталды. Президент жарлығымен 25 мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Алашорданың тұлғалары мұғалімді төрге отырғызсақ деген еді. Сол идея бүгінгі таңда іске асты. Қазір біз төрде отырмыз. Мұғалімдерді қоғам да мойындады. Ата-ана да, оқушы да мұғалімсіз тәлім-тәрбие ала алмайтынын түсінді. Ұстаз осы атаққа лайық болу керек. Ол үшін мұғалімнің жүріс-тұрысы да, киген киімі де, сөйлеген сөзі де өнеге тұтарлықтай болу керек. Мұғалім сондай дәрежеге жетсе ғана оқушылардың жүрегінен орын алады", – дейді еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Орынша Қарабалина

Мемлекеттік марапат алғандардың қатарында Алматы облысы № 1 мектеп-гимназиясының химия және биология пәнінің мұғалімі Татьяна Станкевич та бар. Оның еңбек өтілі - 35 жыл. Ұстаз шәкірттеріне экологиялық мәдениетті үйретіп, жас еріктілерді тәрбиелеп шығарған. Ал 2013 жылы "Үздік педагог" атанған. 

"Бүгін ұстаздар үшін айтулы күн. Бұл еліміздегі мұғалімдердің атқарған жұмысына берілген жоғары баға. Оқушының қолына алғаш рет қалам ұстатып, әріп танытқан, білім берген мұғалімдердің зор еңбегіне көрсетілген құрмет үшін алғысым шексіз", – дейді Станкевич.
Награданы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады. Оның айтуынша, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағына ие болған педагог 1 000 айлық есептік көрсеткіш (2 917 000 теңге - Sputnik) мөлшерінде біржолғы төлем алады.

"Педагогтерге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы тағайындалды. Еңбектеріңіз бен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Наградаларыңыз құтты болсын!", – деді Министр Асхат Аймағамбетов.




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 00:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31