"Мұғалімдерге қосымша ақы белгілеу". Депутаттар ұсынысы мақұлданды

24 қараша 2020, 15:20

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сабақтан тыс спорт сабағын жүргізетін мұғалімдерге қосымша ақы төленуді ұсынды.

 

Кейбір заңнамалық актілерге экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасында мұғалімге қосымша ақы белгілеуді көздейтін түзету енгізілген.

 

&ndash Сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін мұғалімге қосымша ақы белгілеуді көздейтін, сондай-ақ жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізілді, &ndash деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев.

 

qamshy.kz