Жаңалықтар

"Мұғалімнің өзі масканы директор келе жатқанда іліп алады": Мектептер мен балабақшаларда сақтық шаралары сақталып жатыр ма?

  • "Мұғалімнің өзі масканы директор келе жатқанда іліп алады": Мектептер мен балабақшаларда сақтық шаралары сақталып жатыр ма?

Коронавирус оқушылар арасында тарап жатыр. Жұқтырғандар саны жүзден асып кетті. Дені Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан. Елдің бас дәрігері Цой мырза індетке шалдығатын оқушылар саны артуы мүмкін деген болжам да айтты үкіметте. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеп хабарлайды.

Мамандардың айтуынша вирустан қорғанудың қазіргі жалғыз жолы бетперде мен әлеуметтік арақашықтық. Алай да сақтық шаралары сақталып жатыр ма? 

"Күнде айтамын маскасыз кірмеңдер. Маскасыз келмеңіздер. Масканы балаға анау үйден шыққанда тағып шығыңыздар деп, тыңдамайды. Осы жерде келіп тағады...", - дейді мектеп қызметкері.

 
Ережені ұстаздардың өзі ұстанбаса, ата-ананың тағуы неғайбыл.

"Өзіміздің мұғалімдер ғой, техничкалар. Оны айтып отырасың, міндетті ішке барғанда бірақ киеді. Ана директорды көргенде іліп алады да. Қазір келеді ғой орынбасар, директорлар келеді
ғой, сол кезде маскалар иегінде тұру керек!" - дейді ол.

Балалы үйде ұрлық жатпас деген. Көзбояушылық екеніне көз жетті. Күңкілдеген күзетшіден басқа коронавирустан қауіптенген жан жоқ.

"Қазіргі таңда бізді қорғайтын бетперде ғана болып тұр ғой. Қол жуу, шоғырланған жерлерге бармау, дистанция сақтау, қарапайым сондай талаптар, соынң өзін халық орындауға киынсына ма,
немқұрайлы қарайды. Сол жағы алаңдатады да, адамдарда жауапкершілік босла, өзі басына жауапкершілік болса", - дейді қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Лаура Асанова.

Бас қаладағы мемлекеттік балабақшада  әлеуметтік ара-қашықтық жоқ. Бөгде адамдар балабақшаның ауласына емін-еркін кіріп жүр. Кішкентайларға жабысқан КВИ созылмалы аурулармен қосылғанда ғана ауыр өтеді. Сау балада білінбейді екен.

"Балаларда көбінесе жеңіл түрде немесе безсимптомды түрде өтеді. Әр жұқпалы инфекцияның инкубациялық кезеңі болады. Жұқтырғаннан кейін біраз уақыттан кейін, симптомдары пайда
болады. Бір аптадан екі апта уақытта болуы мүмкін", -дейді педиатор Жанар Бөкенова.

Қазақстанды қайта жауламасы үшін әлден қамдану керек. Бастысы білім ошағындағы болсын, бүлдіршіндердің балабақшасында болсын, барлық жердегі біз көрген былықтар жабулы есік
артында қалып қоймаса екен.




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 17:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31