Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мүгедек балаларға сабақ берген 15 мыңнан аса мұғалім тиісті ақысын алмаған

17 сәуір 2019, 12:31

Қазақстанда екі жыл ішінде мүгедек балаларға қосымша сабақ беретін 15 мыңнан аса мұғалім жалақысына қосылып төленуі тиіс ақшаны алмаған. Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұғалімдерге төленбеген үстемеақының жалпы сомасы - 176,2 миллион теңге.

"Прокуратура жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында Қазақстан бойынша 15 305 педагогке 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде ерекше білім беру қажеттігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгенін анықтады" деп жазады.

Ведомствоның жазуынша, инклюзивті білім беру аясында жұмыс істегені үшін педагогке жалақысының 40 пайыз шамасында үстемеақы төленуі тиіс.

"Заң бұзушылықтар жойылып, мұғалімдерге 176, 2 млн теңге мөлшерінде үстемеақы аударылды" деп жазады прокуратура.

Қазақстанда Білім туралы заңға 2010 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер бойынша, кез келген мектеп ерекше мұқтаждығы бар баланы қабылдауға міндетті. Бірақ іске келгенде құрал-жабдық пен арнайы маманның жоқтығынан бұл саясат жүзеге аса бермейді. Ресми дерек бойынша, елдегі кәмелет жасына толмаған балалардың үш пайызы, яғни 148 мыңы инклюзияға зәру. Олардың 40 мыңға жуығына ғана арнайы білім беретін жағдай жасалған.​

Қарай отырыңыз: Инклюзивті білім беру әкімдікке қарап тұр. 27 тамыз 2018 жыл.

azattyq.org