Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Республика бойынша 50 мыңға жуық оқушыны қамтыған «Тәуелсіздік сабағы» өтті

  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Республика бойынша 50 мыңға жуық оқушыны қамтыған «Тәуелсіздік сабағы» өтті

    Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Республика бойынша 50 мыңға жуық оқушыны қамтыған «Тәуелсіздік сабағы» өтті

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Тәуелсіздік сабақтары» өтті. Ашық сабаққа әр аймақтағы серіктес мектептерден 50 мыңға жуық оқушы қатысты.

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен Тәуелсіздік сабағын тарих пәнінің мұғалімі-эксперт Эльмира Әміртай жүргізді. Сабаққа 12 сынып оқушылары дәстүрлі түрде қатысса, 120-ға жуық зияткер онлайн режимде қосылды. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы 20 жалпы білім беретін мектеп, гимзанияның мұғалімдері мен білім алушылары тікелей эфирді тамашалады.

Ашық сабақ «ҚР Бітімгершілік заңнамасын» негізге ала отырып, «Ұлтаралық келісімнің «қазақстандық» үлгісі» тақырыбын арқау етті. 12 сынып оқушылары Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы бітімгершілік бастамаларын «интеллект картасы» арқылы бағалап, «интервью» әдісі бойынша «ҚР Бітімгершілік туралы» заңын талқылады.

 «Еліміздің Тәуелсіздік тарихын білу болашақта халықаралық аренадағы рөлімізді одан әрі нығайта түсуге үлес қосуымызға мүмкіндік береді. Бүгінгі семинар осы мақсатқа жетудегі кішігірім қадам болса да, есте қаларлық ақпараттарға толы болды», - деп пікір білдірді 12 сынып оқушысы Аяулым Төребекқызы.

Айта кету керек, былтыр Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялаған еді.  Ұйымдастырылған Тәуелсіздік сабағы 30 жылдық мерейтойды атап өтудің жарқын бастамасы іспеттес.




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31