Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінен коронавирус анықталды

  • https://regnum.ru/

    https://regnum.ru/

Елорданың кезекші мектептерінен коронавирус дертін жұқтыру жағдайлары тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жанна Пралиева оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус індетін жұқтырудың барлығы алты жағдайы тіркелгенін айтуда. Біріншісінде оқушы мектепке барып жүрген. Ал қалған бесеуі қашықтан оқытылғаны анықталды.

"Кезекші сыныпта болған бір жайт бойынша науқаспен байланыста болған 19 адам тексеріліп жатыр. Олардың 13-і - балалар және алтауы - оқытушылар. Бәрі теріс нәтиже көрсетіп отыр. Мектепте дезинфекция жүргізілді. Балалар мен оқытушылар үйде карантинде болды және қазір сабаққа кірісіп кеткен", - дейді маман.

Ол мектеп мұғалімдері арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелмегенін алға тартты. Сонымен қатар, балалар бақшасында да қауіпті дертті жұқтырғандар тіркелмеген. Мектепке дейінгі және балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілері де коронавирус жұқтырмаған. Сол арада ол Covid-19 мектептерден анықталған жағдайда бірден тексеріс жүргізілетінін және қажет болған жағдайда мектеп карантинге жабылатынын айтуда.




Көрілген: 675    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 14:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31