Нұр-Сұлтандағы мектептерге Қонаевтың, Ақышевтың, Бағланованың есімдері беріледі

21 желтоқсан 2021, 11:45

Үкімет қазақстандық көрнекті саяси қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың және басқа да белгілі тұлғалардың есімдерін Нұр-сұлтанның бірқатар мектептеріне беруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы мынадай мектептерге тұлғалардың аттары берілді:

1) №11 мектеп – лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

2) №49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының есімі;

3) №69 мектеп – гимназиясына Кемел Ақышевтің есімі;

4) №2 Балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың есімі;

5) №3 Балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың есімі;

6) №66 мектеп – лицейге Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) №77 мектеп – гимназиясында Фариза Оңғарсынованың есімі;

8) №83 мектеп – гимназиясында Ыбырай Алтынсариннің есімі.

Дінмұхамед Қонаев – КП ОК бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы лауазымында Қазақ ССР-ін 30 жылға жуық уақыт бойы басқарған советтік партия және мемлекеттік қайраткер.